Шымкентте көпқабатты үйлер дезинфекцияланып, сақтық шаралар күшейтілді

Шымкент қаласында халық шоғарланатын жерлер залалсыздандырылып, шектеу күшейтілді. Қалада тұрғындардың көшеде маскасыз жүруіне тыйым салынған. 

6fea9983-143e-41d4-b98d-5861d66908c7.jpg

Шымкенттегі көшелер мен орталық алаңдар, балалардың ойын алаңшалары, сауда алаңдарының аумақтары, көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулалар күнделікті дезинфекциялық режимге көшірілген.

Әл-Фараби ауданы аумағындағы "Отырар" шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. 

Еске сала кетсек, кеше аталған аудан аумағында залалсыздандыру жұмыстары А.Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғ.Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, І.Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жасалды.

Бұл жұмысты су бүркитін автокөлік және арнайы киім киген жаяу жүргінші топ атқарып жатыр. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте реализуются проекты по повышению качества жизни населения
  • Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда
  • Парманов Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды
  • Жасы үлкен студенттер саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр
  • В Шымкенте запущена подстанция «Ақжар»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер