Шымкентте 40 мың 586 азамат 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алды

Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды.

11678022.jpg

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі жарияланған ТЖ кезіндегі 42 500 тг  әлеуметтік жәрдемақыға жергілікті атқарушы орган арқылы 7 098 адам өтініш білдірген. Оның ішінде: 

- қабылданған өтініштер - 4 410 (2 688 өтініш өңделуде)

- қабылданбаған - 1832 (құжаттардың толық еместігінен)

- мәліметтердің тексерілу жұмыстарында - 754

- тағайындалғаны - 1824

- төленгені - 729 (10 сәуірге дейін).

«Мемлекеттік корпорацияға (ЗТМО Еңбек министрлігі) Шымкент қаласынан 43 210 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, белсенді тағайындау нысаны арқылы 8 037 азаматтың өтініші тікелей бірыңғай базасына БЖТ электронды төлеушілер порталына келіп түскен. Әлеуметтік төлем 39 857 азаматқа төленді. Белсенді тағайындау нысаны арқылы  - 8 037. Жалпы мемлекеттік жәрдемақыны 40 586 азамат алды», - делінген аталған басқарманың мәліметінде. 

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер