Шымкенттік оқушылар интернет платформада білім алу бойынша республикада І орында

Шымкент қаласында жалпы 172 мектептің оқушылары ІV тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады. Бүгінде қаладағы мектептерде білім алатын 222 мыңнан астам оқушы  толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған. 

549be477-0c59-49ba-bb40-e4cf9fbf64d3.jpg

Мәселен, оқушылардың 96,7 пайызы компьютер, смартфон, планшет сынды электронды құрылғымен қамтылған болса, қалған 3,3 пайызы яғни, 7 424 оқушы телеарна арқылы білім алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, компьютерді қажет ететін оқушыларға мектептердегі 10 192 компьютер уақытша берілген. 

 Шымкент қаласының оқушылары «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн» сынды интернет платформаларда білім алу бойынша республикада І орында болса, ұстаздары ІІ орында. Сонымен қатар, балалар «zoom», «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы да білім алуда. Барлық мұғалімдер оқушылармен «WhatsApp» арқылы кері байланысқа шыға алды.

Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан құрылған Call-орталыққа бүгінгі күнге дейін 422 сұрақ келіп түскен болса, оның басым көпшілігі қашықтан білім алу туралы болған. Білім басқармасы келіп түскен сауалдарды талдай отырып, жұмыс сапасын жақсарту мақсатында тиісті шараларды атқаруда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер