Түркістан: "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасы қолдау тапты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу  тәртібі туралы" заң жобасын дайындау ұсынылған болатын. Осыған орай, заң жобасы әзірленіп, қоғамда қызу талқыға түсті. Құқық қорғау органдарының өкілдері, азаматтық белсенділер мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен дайындалған заң жобасы 21 баптан тұрады. Парламент мәжілісінің депутаттары аталмыш заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. 

 Осыған байланысты Түркістан облысының жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен заң саласының мамандары өз пікірін білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.

- "Рухани жаңғыру" және тәрбие департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Динашева: ««Бейбіт шерулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның жобасы қайта даярланып, оны талқылау қоғамның игілігіне берілуі – биліктің азаматтық қоғамның үніне құлақ асатындығын білдіреді. Ең бастысы заң баптарында еркіндік бар», - деп бұл заңның керек кезде қабылданғанын айтты. 

- «Бұл – қоғам мен биліктің арасын жақындатуға бағытталған ең оңтайлы шешім деп білемін. Демократия принциптері, адам құқықтары қазіргі стандарттарына да бұл шешім сай келеді. Осы саладағы Халықаралық ұйымдардың да талабы сол. Әлемдегі абыройымыз да арта түседі», - дейді философия ғылымдарының кандидаты, доцент Талиб Жұманов. 

- «Жаңа заң жобасына ұлттық сенімді халықтың ұстанымына орнықтыратын нормалардың көрініс табуы бүгінгі уақыттың талабы, мәселен қаншама қиын қыстауды мойынсынбай өмір сүріп келе жатқан халқымызды алдағы жарқын болашаққа жетуі үшін, бір-біріне адамзат баласының достық көңілмен жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істері мен тыныштықты сақтауға шақыруы», деген заң ғылымдарының кандидаты, доцент Асхат Есеналиев бұл заңның азаматтық қоғам үнін естудегі маңызын баса айтты. . 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер