Шымкенттік шаруалар өз өнімдерін делдалсыз саудалауда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарында тікелей шығаруға келіскен болатын. 

602cf57f-d1f1-4564-8816-4f829f93eea7.jpg

Бүгіннен бастап кәсіпкерлерге «Қазыбек» базарынан арнайы орын беріліп, жылыжайдан жиналған көкөністер саудаға қойылды. 

Қала әкімінің бастамасымен «Шарипов», «Ильяв» , «Таза өнім», «Зәуре»  және  «Колесников»  шаруа қожалықтары   қызанақтың келісін 350 теңгеден, ал қиярды 250 теңгеден сатып жатыр.      

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында  «Taza onim» шаруа қожалығы 9 гектар жерге жылыжай салып жатыр. Оның 3 гектары бітіп, шаруалар 370 тонна өнім алып үлгерген. 

Қожалық құрылтайшысы Арман Бахытұлының айтуынша, кешенде қиярдың «Тристан», «Танто», «Мева» сорттары егілген. Дихан енді өзі өндірген көкөністі жергілікті нарықта делдалсыз сатып жатыр. 

Алдағы уақытта шаруалардың өнімдерін қаладағы ірі сауда орындарына да тікелей жеткізіп беру мәселесі де қарастырылып жатыр екен. 

Бұл Отандық өнімінің сатылу құнын реттеп, жергілікті халықтың көкөністі делдалсыз  сатып алуына мүмкіндік берді, дейді шаруа. 

Айта кетейік, Шымкентте жылыжай көлемі 183 гектарды құрайды. Оның 53 гектары – өнеркәсіптік. Қалада Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылып, 100 гектар аумаққа өнеркәсіптік кешен салынбақ. Жоба жүзеге асса мыңдаған  жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт  жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады.   

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер