Шымкент: «Call орталық» 10 күнде 13253 қоңырауға жауап берді

Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. 

3b04449a-d3cd-4f70-8d0b-04d3c2ad3798.jpg

Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы он күнде тұрғындар қойған 13253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді. 

Өз кезегінде орталықтың 39-50-55 нөміріне жалғанған  көпканалды телефон тұтқасында отыратын сала мамандары әрбір азаматтың  айтқан сауалына байланысты кәсіби көмек көрсетуде. 

2020 жылғы 9-19 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы «Сall орталыққа» түскен сауалдар:

• Кәсіпкерлік және қала ішіндегі қозғалыс туралы– 6536;

• Коммуналдық мәселелер бойынша – 2351;

• Әлеуметтік көмек жайлы – 2310;

• Блок-бекеттер туралы – 1173;

• Жолдардың жабылуы мен тасымалдау бойынша – 719;

• Денсаулык сақтауға қатысты – 119;

• Дезинфекциялау, қашықтан оқыту және т.б. мәселелер жайлы – 45.

Шымкент қаласының төтенше  жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер