Ауылым алтын тұғырым онлайн байқауына қатысыңыз

Screenshot_22.jpg

Құрметті Достар!

Дәл қазіргі сәт - баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік. 

Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылымалтынтұғырым атты байқау ұйымдастырылып отыр. 

Байқауға еліміздің кез-келген азаматы қатыса алады. Ол үшін өз ауылының әсем табиғаты мен тамаша көрінісін суретке немесе видеоға түсіріп, ауылы туралы суреттеме жазба жазуы тиіс. Жазбаның мазмұнында  ауыл табиғаты, тіршілігі мен өмірін  суреттеуге басымдық болуы керек.

 Материал әлеуметтік желіде (фейсбук, инстаграм) #Ауылымалтынтұғырым, #ТүркістаноблысыҚоғамдықдаму_басқармасы, #Biz_birgemiz хэштегтерімен жариялануы тиіс. 

Қазылар алқасы арнайы мамандар мен әлеуметтік желі белсенділерінен құралады.

Байқау мерзімі: Ағымдағы жылдың 24 сәуір – 14 мамыр аралығында өтеді. 

Баршаңызды байқауға қатысуға шақырамын! Біз біргеміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер