#BALALARMEN_BIRGE онлайн байқауы өтеді

Screenshot_23.jpg

Құрметті Достар!

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазір біздің қалыпты өмір сүру қағидаларымызға бірнеше шектеулер қойылды. Соның ең үлкені әрі қоғам үшін, өзіміз үшін аса маңыздысы – үйде болу.

Әрине, тіршілігін қоршаған ортамен байланыстырған біз үшін бұл оңайға соғып жатқан жоқ. Әсіресе, үйдегі кішкентай ұл-қыздарымызға қиын соғуда. Алайда бұл біздің болашағымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған жағдай. 

Осындай кезеңде үй ішінде, ұл-қыздарымыздың ортасында отырып, өзіміздің және перзенттеріміздің қабілеттерін дамытып, оны көпшілікке үлгі ретінде көрсетуге үлкен мүмкіндік туып отыр.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы үйде отырған ата-аналар арасында ерекше байқау жарияламақ. 

Ол үшін сіз өз үйіңізде ұл-қыздарыңызбен бірге бос уақытты тиімді пайдалану үшін көпшілікке үй жағдайында жасауға болатын лайфактар ұсынуыңыз қажет.

Отбасыңызбен бірге жаттығулар жасап немесе бірге өнер көрсетіп оны 1-3 минуттық видеоға түсіріп, өз әлеуметтік желі парақшаларыңызға #Balalarmen_birge, #Түркістаноблысықоғамдықдамубасқармасы, #Biz_birgemiz хэштегі арқылы жариялауыңыз керек. 

Видеоның мазмұнын өзіңіздің және ұл-қыздарыңыздың қабілеттеріне қарай қалаған форматтарыңызда түсіруге болады. 

Ең бастысы, осы кезеңде үйде отырған ұл-қыздарымыздың уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға үндеуге, олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақырса болғаны.

Ең үздік видео иелері Қоғамдық даму басқармасының тарапынан естелік дипломдар мен қаржылай сыйлықпен марапатталатын болады. 

Байқау ағымдағы жылдың 24 сәуір- 14 мамыр аралағында өтеді.

Ендеше, барша ата-аналарды аталмыш байқауға қатысуға шақырамын! Біз біргеміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер