Түркістан облысында суармалы егістік алқабы ұлғаяды

Биыл Түлкібас ауданындағы суармалы алқаптардың аумағы 1115 гектарға ұлғаймақ, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

6de462599bc0631143ee965e5801a59f.jpeg

Оған респубикалық бюджет есебінен 16 шақырымды құрайтын 5  су нысанының іске қосылуы себеп болғалы отыр. Бүгінгінің өзінде аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының 50 пайызға жуығы аяқталса, осы жылдың шілде айында ел игілігіне толық берілмек.

Жаңадан айналымға қосылатын 1115 гектар суармалы жердің 123,2 гектары Шақпақ, 555 гектары Жабағылы, ал 437 гектары Кемербастау ауылдық окруктерінің аумағында орналасқан, - делінген таратылған ақпаратта.

Су шаруашылығы мамандарының айтуынша, суармалы жерлерді ағынды сумен жабық темір құбыр арқылы қамтамасыз ету, темір бетонды каналға қарағанда 3 есе артық тиімді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер