Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен ке

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен жұмыс барысында кездесу өткізді.

5bf585db-ed73-4591-93c2-bc434db24348.jpg

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге несие беруді оңтайландыру барысын саралады.

Корпорация жұмысымен танысқан М.Әйтенов штат кестесін қайта құрылымдау және инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Бүгінде аталған департаменттің қарауындағы 353 инвестициялық жоба бар. Осыған орай, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізу мен талдау жұмыстарына мұқият назар аудару  қажет.

Корпорация басшылығы қаланың урбанизациясын дамыту тұжырымдамасын ұсынды, онда шаһардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстармен қатар мегаполистағы урбанизация деңгейін арттыру үшін қажетті шараларды іске асыру межеленген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер