Түркістан: Карантин режимі жеңілдеді

Түркістан облысында бүгіннен бастап барлық санитарлық нормалар мен санитарлық талаптарды сақтай отыра, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту нысандары, сән салондары, шаштараз нысандарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Азаматтар қызмет көрсету орындарына алдын ала жазылу арқылы бес адамнан аспайтындай ретпен  барулары қажет. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов онлайн-конференцияда мәлімдеді.  

5d74fcd4-66f6-4f5a-a07c-ec3d0c895fe4.jpg

Сондай-ақ, тұрмыстық жөндеу орталықтары (оның ішінде кеңсе техникасы, мобильді құрылғылар) жеткізу қызметін көрсететін болады.

Автожуу, дөңгелек ауыстыру, май ауыстыру орталықтары, токарлық, дәнекерлеу цехтары, жиһаз цехтары, ателье, киім мен аяқ киімді жөндеу, кәсіпорындар, құрылыс базарлары мен дүкендері де өз жұмыстарын бастайды.

Екінші деңгейлі банктер, «Қазпочта» бөлімшелері мен көктемгі егін егу жұмысы үшін несие беретін микроқаржы ұйымдары, ломбардтар және айырбастау пункттері қызметіне кіріссе, асханалар мен тамақтану орындары 8.00-22.00 дейін тамақты онлайн тапсырыс арқылы даярлап, жеткізу қызметін атқарады.

Азық-түлік сататын көтерме сауда орындары мен дүкендер,  дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істесе, дәріхана, қонақүйлер, нотариустар, адвокат кеңселері, күзет қызметі де қызметіне кіріспек. 

Сауда саласы бойынша көшеттер, пестицидтер, тыңайтқыштар, бау-бақша өнімдерін сататын дүкендер, жүк көліктері мен ауылшаруашылық және құрылыс техникалары арналған дөңгелектер мен автомобиль бөлшектерін сататын дүкендер мен қоймалар, оптика, автосалондар да өз сатып алушыларын күтеді.

Бұдан бөлек, тұрғындарға саяжайлар мен бау-бақшаларына сағат таңғы 6:00-ден 21:00-ге дейін Рұқсатнама (пропуск) жүйесіне сәйкес баруға рұқсат етіледі. Олар өздерімен бірге саяжай немесе бақша меншігін растайтын құжаттарын алып жүруі қажет. 

Барлық іске қосылған өнеркәсіп кәсіпорындарында, құрылыс, жол құрылысы және көлік компанияларында, банктерде, сауда нысандарында күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда, заңға сәйкес қатаң шаралар қолданылады немесе сол мезетте кәсіпорын немесе іске қосылған объектілер қызметі шұғыл тоқтатылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер