Мақтааралмен көршілес Жетісай ауданында тасқынның алдын алу шаралары жүріп жатыр

Мақтаарал ауданымен көршілес жатқан Жетісай ауданында да тасқынның алдын алу шаралары жүріп жатыр. Аудан әкімдігі қауіпсіз аймаққа көшемін деушілерге арнап үш мектепті әзірлеп, ауылға 50 орындық автобус дайындап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200504024542466e.jpg

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Атамекен ауыл округі Қоғалы ауылында 1400-дей тұрғын бар. Олардың басым көпшілігі бала-шағаларын алып, өз еріктерімен Жетісай қаласындағы туған-туыстарының үйлеріне орналасқан. Ал, ауылдың ер кісілері көшуден өз еріктерімен бас тартып, елді мекен іргесіндегі дамбы көтеру жұмыстарына атсалысуда. Өз кезегінде әкімдік қызметкерлері аталған ауылды базбіреулер су басады деп қауесет таратып жатқанын айтады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр. 

«Жетісай ауданының Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқан Қоғалы ауылындағы жағдайдың бұған дейін бақылауда болғанын ескертеміз. Аталған елді мекенде аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары су тасқынын алдын алу шараларын жүргізіп, дамбы тұрғызу мен құм толы қапшық қалау жұмыстарын атқаруда», делінген хабарламада.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер