Карантин уақыты болғандықтан, тұрғындардың саулығы үшін Түркістан облысы полиция басқарма, бөлімдерінің басшылары онлайн режимде халықпен кездесу өткізіп жатыр. Бұл жолы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Ермек Нұралиев пен Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ермахан Абдрамановтар өз аумақтарының тұрғындарына 2020 жылдың 9 айы бойынша атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысын айтып, есеп берді.
Ермек Нұралиевтің айтуынша, Сарыағаш ауданында 2020 жылы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары 44,1 пайызға кеміген. Бұдан бөлек басқа да қылмыстарға жеке-жеке тоқталған басшы қылмыстар қатарын ашу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі екендігін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындарға карантин талаптарын сақтап, той-жиын жасаудан аулақ болуға, заңға бағынуға шақырды.
Ал өз баяндамасын айтып шыққан полиция басшысы Ермахан Абдраманов, қараша халыққа сақтық шараларын әрдайым ұстанып, карантин талаптарын бұзбауды, төрт түлікке сақ болуды ескертті. Сондай-ақ адамдардың басын қосып, жиын жасап, халықтың өміріне қауіп төндіргендердің жауапкершілікке тартылатындығын, әрдайым арақашықтық сақтап, бетперделік режимді ұстанып жүру керектігін ескертті.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі