Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтаған тұрғынды анықтады

Мақтаарал АПБ-ның полицейлері қылмыстардың алдын алу мақсатында, профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Осындай шара барысында полиция қызметкерлері Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің көшелерінің бойында жүрген жергілікті тұрғынды тоқтатып, тексеру барысында азамат өз еркімен газет қағазына оралған кептірілген өсімдік қалдықтары  мен палиэтилен пакетке оралған жасыл түсті есірткіге ұқсас затын өз еркімен бергені жайлы  көрсетілген. Аталған жайтты  Мақтаарал АПБ-ның  тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді. 

image.png

Осы жайт бойынша полиция қызметкерлері есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдік қалдықтарын  өз еркімен берген күдіктіден заттарды дәлелдеме ретінде алды. Аталған қылмыстық іс бойынша есірткі құралдары психотроптық заттарды зерттеу туралы сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес өсімдік заттар кептірілген марихуана болып шықты, жалпы массасы 35 грамм. Тәртіп сақшылары күдіктіні тексеру барысында, оның бұдан алдын да осындай баппен сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданып, сатумен айналысу, өсіру, сақтаудың соңы заң алдында қылмыстық жауапқа тартылумен аяқталатынын ескертеді. Сол себепті, «Қылмыстың өтеуі – жаза» екендігін естен шығармайық! Егер де, сіз, осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз.


ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер