Полиция департаментінің жедел басқару орталығында 10 500-ге жуық ақпарат қабылданған

Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. 

image.png

Мәселен өткен жылдың үш айында жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы бейнебақылау камераларының көмегімен 7252 құқықбұзушылықты, ал ағымдағы жылдың 3 айында 9549 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде нөлдік төзімділік бойынша 1025 әкімшілік құқықбұзушылық және 12 қылмыс ізін суытпай ашылды. 

Сонымен қатар көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін қолданып жүрген автокөліктер де «Трафик сканер» жүйесі арқылы анықталып, айыптұраққа қойылған. 

Жедел басқару ортылығының жұмысы мұнымен бітпейді. Тағы да статистикаға шаға отырып нақты сандармен айтар болсақ, үш ай ішінде аталған орталықтың 102 арнасына 10 426 ақпарат қабылданып, 5733 шақырту хабарламасына күш құралдарымен жедел ден қойылған. Сондай-ақ келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес 237 қылмыс тіркеліп, оның 194-і кезекші тәулікте ашылды. 

Демек сақшылардың тәуліктеп атқарған жұмыстарының нәтижесі де жоғары. Яғни атқарылған жұмыстардың көрсеткіші осы жылы 81 %-ға жоғарылаған. 

Ал ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Ішкі істер министрлігінің арнайы жобасымен іске қосылған "102" мобильдік қосымшасы арқылы тұрғындар тарапынан Түркістан облысы көлемінде 71, Түркістан қаласында 66 құқықбұзушылық туралы қоңыраулар келіп түскен. Оларға дер кезінде ден қойылып, заң аясындағы жұмыстар жүргізілген. 

«Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Түркістан облысы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз.», - дейді ТО ПД Түркістан ҚПБ жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Асқар Манапов.  

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер