Тәртіп сақшылары жыл басынан бері 48 көкпар ойынын анықтап, тоқтатқан

Түркістан облысында жыл басынан бері карантин режимін бұза отырып, ұлттық спорт түрі «көкпар» өткізудің 48 жайты анықталған. Аталған жайттарды рейд барысында анықтаған полицейлер, тиісті шара көрілу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, СЭББ-ға жолдауда. Дегенмен карантиндік шектеу шараларын елемейтін азаматтардың саны азаймауда. Соның салдарынан халықтың денсаулығын қауіпке итермелеуде. 

image.png

Осындай адамдар тобын көптеп жинап, көкпар өткізудің кезекті жайты Шардара ауданында анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Көксу  ауылдық округіне рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Көксу ауылы маңында 100-ге жуық   адамның қатысуымен өткізіліп жатқан «Бата көкпар» тоқтатылып, полиция қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көкпарға жиналған халық бірден тарқатылды. 

Көкпарды ұйымдастырушы Шардара  ауданының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлімімен «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигеналық нормативтерді бұзу» материалдар жинақталып, әкімшілік хаттама толтыру үшін СЭББ-ға жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауды, бұқаралық спорттық және басқа да іс-шараларды өткізуден бас тартуға кеңес береді. Карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажет. Сондай-ақ, медициналық бетперде тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жөн.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер