ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық Полиция бөлімдерінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мысалы, Полиция департаменті қызметкерлері жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың үйіне барып, құжаттарын жаңартуға қызмет көрсетуін жалғастыруда.
Атап айтсақ Отырар аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің инспекторлары жеке төлқұжатының мерзімі өткен қарттарымыздың үйіне барып, жаңа төлқұжаттарын табыстады. Отырар ауданының тұрғыны 1942 жылы туылған 78 жастағы Досмайлова Адима апамыздың жүре алмауына байланысты қызметкерлеріміз жаңа төлқұжатын үйіне апарып берді. Сонымен қатар 1941 жылы туылған 79 жастағы Сүлейменова Айзада апамыздың үйіне де барып төлқұжатын табыс етті. Осындай іс шараларды Отырар ауданының қызметкерлері жиі жасап 10-нан аса қарт кісіге көмек қолын созған.
Осындай жанашырлыққа, кәсібилікке жасы үлкен қарттарымыз риза болып, полицейлерге өзінің алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар үлкен рахметін айтып, ақ батасын берді.
Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы полицейлері қашанда халыққа жәрдемші, қорғаушы болу мақсатында қызмет атқарып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
ТО ПД баспасөз қызметі