Түркістанда жоғалып кеткен 18 жастағы қыз 116 шақырым жерден табылды

1de41306-3854-41d0-afec-ebc2bfccd3f4.jpg

Мақтаарал ауданының полиция бөліміне еразамат арызданып, 18 жастағы қызының сағат күндізгі 11:40 шамасында көршісінің үйіне шығып кетіп, содан қайта оралмағандығын айтып, арызданған. Қыздың жақындары көршілерінен сұрастырып, туыстарына хабарласып өз күштерімен іздеген. Алайда нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлеріне хабар берген. 

Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полиция қызметкерлері із-түссіз кеткен қызды табу үшін облыс көлемінде барлық қала, аудандардың полиция басқармаларына бағыттама береді. Сонымен қатар мақтааралдық жедел уәкілдер істі тез арада ашу үшін облысқа қарасты аудандарға шығып, қызды іздестіре бастайды.  

Ақыры полицейлердің табанды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 18 жасар қыз 116 шақырым жердегі Сарыағаш қаласындағы асханалардың бірінен табылды. Белгілі болғандай кәмелет жасындағы қыз үйінен өз еркімен шығып кетіп, ақша табамын деген ниетімен ешкімге айтпастан жұмысқа кіріп алған.   

Жас қызбен психолог мамандары сөйлесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте қыздың ата-анасы полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын жеткізді. 

Мақтаарал ауданының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, қадағалау керектігін айтады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер