Шымкенттік кәсіпкер 550 отбасыға «Ауызашар қоржынын» таратты

«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты.

355c633c-5a9e-4877-a44a-14590bdbc05d.jpg

Қазақстанның Бас мүфтиі Рамазан айының қарсаңында елімізде жарияланған төтенше жағдай талаптары ескеріліп, қауіпсіздікті сақтау үшін ауызашар берудің орнына ораза ұстаған жандарға тамақ таратып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестіруге, оларға қаржылай қолдау көрсетуге шақырған болатын. 

Бұған дейін бірнеше рет қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игі істердің басы-қасында жүретін Байкен Әшірбаев төтенше жағдай кезінде аз қамтылған жанұяларға жәрдем беруді жөн санаған.

Жомарт жүректі азамат Шымкенттегі «Жыланбұзған», «Абдул Абад», «Қызылжар», «Турды абат», «Маятас», «Тоғыс», «Бадам-1», «Бадам-2», «Жұлдыз», «Жалын», «Қаратөбе», «Қайнарбұлақ» тұрғын алаптарындағы аз қамтылған отбасыларға «ауызашар қоржынын»  үлестірді. Әр отбасыға таратылған «ауызашар қоржынында» 1 қап ұн, 5 литр өсімдік майы, 5 келі қант, 5 келі макарон, шай сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері бар. Сонымен қатар бетперделер де таратылды.

Ізгі шара «Жыланбұзған» тұрғын алабының тұрғындарына азық-түліктерді таратудан басталды. Қарапайым халыққа азық-түліктерді кәсіпкердің өзі  мен бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев пен кикбостан әлем чемпионы Нүркен Төлегеновтер үлестірді.

Қасиетті айда қайырым жасауды азаматтық міндеті санап, 550 отбасының алғысын алған Байкен Әшірбаев жерлестеріне жәрдем беруді алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер