Түркістан облысындағы су тасқыны: 21 шақырымдық дамба орнатылды

Түркістанда су басқан Нұрлыжол, Ырысты, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан 1 млн м3 су сорылды. Бұл туралы ТЖК хабарлайды. 

200508110826a3647421d.jpg

Ауылдарда жалпы ұзындығы 21 шақырымдық уақытша дамбылар тұрғызылды. Сондай-ақ, 85 мың қап төселіп, суды ағызу үшін 3 коллектор орнатылды. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы, Апаттар медицина орталығы, Полиция бөлімі, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен активтерінен құралған 1574 адам, 280 техника, 15 жүзу құралдары, 160 мотосорғыш тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Жұмыстарға ұйымдар мен еріктілер де тартылды. 37 қызметкерден және 34 техникадан, жүзу құралдарынан, мотосорғыларынан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының және Қарағанды облысының төтенше жағдайларының қосымша күштері мен құралдары жіберілді. Су басқан 5 елді мекен аумағында халықтың жеке заттарын, құжаттары мен мүлкін эвакуациялау, үй жануарларын құтқару және патрульдеу жұмыстары жалғасуда. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блокпост қойылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте состоялся показ кинофильма о вреде лудомании и наркомании
  • Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады
  • Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр
  • Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды
  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер