Елордадан Мақтаарал ауданы тұрғындарына гуманитарлық жүк жөнелтілді

Елордадан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына гуманитарлық жүк жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

200507095626866e.jpg

Атап айтқанда, бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласынан Мақтаарал ауданына тұрғындарға қажетті заттар тиелген төрт жүк көлігі жолға шықты. 

«Мақтаарал тұрғындары үшін қалада арнайы гуманитарлық көмек дайындалды. Осы төрт жүк көлігінде 40 тонна тауар тиелді. Оның 20 тоннасы азық-түлік өнімдері. Сонымен қатар, гигиеналық заттар да жөнелтіледі», - деді елорда әкімдігінің өкілі Нұрлан Сыдықов. 

Мұнымен қоса, қала әкімдігі арнайы насостық стансаны, құрылыс заттарын, жазғы шатыршаларды, 100-ден астам керуетті, ыдыс-аяқ, сондай-ақ құтқарушыларға арналған киімдерді жеткізетін болады. Осы орайда жүргізушілер мен елорда әкімдігі өкілдері 1,8 мың шақырым жолды еңсеруі керек. 

«Жолда шамамен бір жарым тәулік жүреміз. Жүк Мақтаарал ауданына дейін жеткізіліп, сол жерде елді мекендерге үлестіріледі», - деді Н. Сыдықов. 

Айта кетейік, азық-түлік өнімдері кәсіпкерлердің қаржысына, ал арнайы жабдықтар мен киімдер ТЖ департаментімен бірлесе әкімдік дайындады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті
  • Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған
  • «Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»
  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер