Түркістандық депутаттар Мақтааралға гуманитарлық көмек жеткізді

Бүгін Түркістан облысының бір топ депутаты «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200509004435993a3647641i.jpg

Өңірлік коммуникация қызметінен мәлім еткендей, 11 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмектің жалпы құны 11 млн теңгені құрайды. Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар мен 2 тонна балық еті бар. Түркістан облыстық мәслихатының фракция жетекшісі Мұрат Төлтебаев бастаған гуманитарлық көмек керуеніне бір топ депутат ілесіп барды. 

«Бүгін біздер «Nur Otan« партиясының «Біз біргеміз« акциясы аясында Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созуды жөн көрдік. Бұл - біздің азаматтық парызымыз деп санаймыз. Осындай қиын-қыстау кезеңде, әсіресе қасиетті Рамазан айында мақтааралдықтарға қолдау көрсету - сауапты іс. Осыны ескерген Түркістан облыстық мәслихатының бір топ депутаты гуманитарлық көмек көрсетіп, мұндағы елдің бүгінгі жай-күйімен танысу үшін арнайы келіп отыр», - деді халық қалаулысы Шәріпбек Жамалбек.

 Көмек керуенін бастап келген депутаттарды күтіп алған Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев ел ағаларына алғыс білдіріп, бүгінгі таңда штаб қоймасына 270 тоннадан астам азық-түлік жиналғанын айтып өтті. 

«Қазіргі таңда штаб қоймасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Бүгінде мұнда 270 тоннадан астам азық-түлік тауарлары мен көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар жинақталды. Бұдан бөлек тағы екі қойма әзірленіп, тұрғындарға керекті заттардың бәрі жеткізілуде. Қабылдап алу мен таратып беру ісі жүйеленіп, тек сұранысқа сай тізім арқылы үлестірілуде», - деді Бейсен Дәулетұлы. 

Мұнан соң депутаттар эвакуация орындарына жайғасқан тұрғындармен кездесіп, олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып шықты. Сондай-ақ, олар халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін жан-жақты баяндап берді. Айта кетейік, бүгінге дейін штаб қоймасынан мақтааралдық тұрғындарға 90 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешек, жеке бас гигиенасына қажетті тауарлар берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер