Шымкент: Мониторингтік топ сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қала аумағында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде.

75ff97c4-237f-4f2b-9f41-89a96504f29a.jpg

Әл-Фараби ауданында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша сақтық шаралары күшейтілген.

Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау  басқармасы) қызметкерлерімен коммерциялық құрылымдарға іріктеп, түсіндіру жұмыстары іске асырылып отыр. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысына бақылау жүргізілуде. 

Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында түсіндірме жұмыстары өзге аудандарда да жалғасуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Мыңбұлақ тұрғындары Наурызды ерекше атап өтті
  • “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті
  • Тоқаев Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен және өңір белсенділерімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер