Шымкент: Азық-түлік қоры жеткілікті және баға тұрақты бақылауда

Шымкент қаласында карантин кезінде азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында 50 тауар өндіруші кәсіпорын, 18 қойма және 25 сауда нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті.

b7571684-0a66-4289-945a-87f907c2b445.jpg

Бұл мақсатта халыққа бірінші кезектегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2020 жылға тұрақтандыру қорына қалалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Осының есебінен, қаладағы ірі сауда нысаны «Грамад» гипермаркетіне несиелендіру келісім-шарты түзіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Келісім-шарт бойынша, жалпы 11 түрлі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі. 

Атап айтқанда: 550 тонна – күріш,2650 тонна -1 сұрыпты ұн,70 мың дана –І сұрыпты ұннан жасалған нан, 220 тонна -қарақұмық, 2500 тонна -макарон өнімдері, 700 мың литр -күнбағыс майы, 240 тонна -қырыққабат, 310 тонна - сәбіз, 450 тонна - пияз, 1000 тонна -картоп, 2200 тонна -құмшекер.

Бүгінгі күнге, түзілген келісім-шарттар аясында 10 мың 120 тонна тауар есебінен 3 ай мерзім ішінде халық 8 мың 800 тоннаға жуық азық-түлік тауарларымен қамтылды.

Қазіргі таңда қалада азық-түлік қоры жеткілікті және баға тұрақты бақылауда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер