Шымкентте полицей пойыз астына түспек болған жасөспірім қызды құтқарған

Шымкенттік полицей Жәнібек Өмірбекұлы пойыз астына түспек болған жасөспірімді құтқарып қалды. Полиция капитаны батылдық танытып, жас қызды ажалдан арашалап қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте полицей пойыз астына түспек болған жасөспірім қызды құтқарған

Шымкент қалалық ПД учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Өмірбекұлы ішкі істер органында 2013 жылдан бері қызмет етеді. Ел тыныштығын күзетіп, түрлі құқық бұзушылықпен күрес кезінде күн сайын сан мың қауіппен бетпе-бет келіп, өз өмірін қатерге тігеді. Биылғы 26 наурызда шамамен сағат 18:15-де ол әріптестерімен бірге карантиндік талаптардың және қойылған шектеулердің орындалуын бақылау жүргізген. Бақылау барысында олар алыстан келе жатқан пойыздың астына темір жол рельсіне жатпақ болған 17 жасар жасөспірімді байқап қалған. Полиция капитанына қызды құтқарып қалуға жанындағы әріптестері Дәурен Майрихов, Біржан Сағынбаев, Дәулет Абубакиров көмектескен. Құтқарылған жасөспірім қыздың ата-анасы және жергілікті тұрғындар көзіне жас алып, полиция қызметкерлеріне алғысын айтқан. Полиция қызметкерлері суицид жасамақ болған жас қызды полиция басқармасына жеткізіп, профилактикалық сұхбат жүргізген. Нәтижесінде жасөспірім өз қателігін түсінген. Жасаған ерлігі үшін Жәнібек Өмірбекұлы Ішкі істер министрінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Ол азаматтарға көмектесу, қорғау және құтқару - өзінің басты міндеті екенін айтады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді
  • Алакөл жағалауындағы кемшіліктер анықталып, нақты тапсырмалар берілді
  • Алматы қаласы өңірлер арасында сыртқы сауда көлемі бойынша абсолют көшбасшы атанды
  • ​Смена поколений в теннисе: готовы ли новые звёзды перехватить все "Шлемы" у ветеранов
  • Әлемдік жұлдыздардың концерті қазынаға 1 млрд теңгеден астам қаржы әкелуі мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер