Шымкентте дәрі-дәрмек зауыты тәулік бойы жұмыс істеуге көшті

Screenshot_4.jpg

Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жергілікті атқарушы билік нақты шараларды қолға алуда. Жуырда қала әкімі Мұрат Әйтенов дәрі-дәрмек шығаратын өндіріс орнында болып, қаланы дәрімен қамту мүмкіндігін бағамдап көрді

Баспасөз қызметініңғ хабарлауынша, бірінші болып «SANTO» дәрі-дәрмек зауытына барған әкім өндіріс цехтарын аралап көрді.

Мұнда инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, түйіршіктер), антибиотик ұнтақтары, стерильді емес ерітінділер шығарылады.

«830 қызметкер тәулік бойы төрт ауысымда жұмыс істеуде. Өнімнің 70 пайызы көтерме, 30 пайызы бөлшек бағада сатылуда» - деді компанияның өндіріс жөніндегі директоры Светлана Майорская.

Одан соң екі ірі «Ақниет», «Зерде» дәрілік заттар қоймасына барды. Олар қаладағы жүз шақты дәріханаға екі мезгіл дәрі жеткізіп отырғанын айтты.

Дистрибьютерлер қоймаларға күніне 2-3 көлік дәрі-дәрмек әкелінуде екенін жеткізді.

«Төртінші категориядағы вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс жоғарылады.

Сондықтан компаниялардың тапсырысын 5 есеге арттырдық. Қазіргі таңда 15 көлік, 5 вагон дәрі-дәрмек жолда келе жатыр. Парацетамолдың 50-ге тарта аналогтік түрі дәріханаларда бар. Көрші аймақтардан, мәселен Тараз, Қызылорда, Түркістан облыстарынан сұраныс көптеп түсуде екен.

Ең бірінші Шымкент қаласын толығымен қамтып болған соң ғана, өзге қалаларға жіберілетін болады», - деді «Зерде-Фито» НПО ЖШС-ның директоры. 

Мамандардың айтуынша, дәрі таусылып қалады деген қорқынышпен шамадан тыс көп дәрі алып, үйде сақтай берудің қажеттілігі жоқ. Дәрі жеткілікті. Әрбір дәрінің сақтау мерзімі мен шарттары бар. Оны қолданбаса адам организміне кері әсерін береді. 

Барлық жағдаймен таныс болған Мұрат Дүйсенбекұлы дәрілердің жеткізілуінде ешбір кедергілер орын алмауын тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер