Шымкентте бүгінге дейін 3320 провизорлы орын ашылды

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен шаһарда бүгінге дейін барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 3320 провизорлы орын ашылды. Оның ішінде резервтік 450 орындық провизорлы орын 1 шілде күні жеңіл атлетикалық спорт кешенінен дайындалды. Оған қоса қалада 51 күндізгі стационар ашылды. Нәтижесінде, науқастарға көмек көрсету екі есеге күшейді. Осы орайда қала басшысы ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмектің үзіліссіз жеткізілуін де қадағалап отыр. Мәселен, кеше қажетті орындарды дәрімен қамту мүмкіндігін бағамдау мақсатында дәрі-дәрмек шығаратын өндіріс орны мен ірі қоймаларға барды.

image.png

Мұрат Дүйсенбекұлы, ең алдымен, «SANTO» дәрі-дәрмек зауытына табан тіреп, өндіріс цехтарын аралады. Мұнда қала басшысы инфекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, түйіршіктер), антибиотик ұнтақтары, стерильді емес ерітінділер шығарылып жатқанына көз жеткізді. Өз кезегінде компанияның өндіріс жөніндегі директоры Светлана Майорская қала әкіміне тәулік бойы төрт ауысымда 830 қызметкер жұмыс істеп, өнімнің 70 пайызы көтерме, 30 пайызы бөлшек бағада сатылып отырғанын айтты. 

М.Әйтенов дәрі-дәрмек қорының мүмкіндігін бақылау үшін қаламыздағы ең ірі «Ақниет» және «Зерде» дәрілік заттар қоймаларына да барды. Аталған қоймалардың директорлары қаладағы жүз шақты дәріханаға екі мезгіл дәрі жеткізіліп отырғанын алға тартты. Ал дистрибьютерлер қоймаларға күніне екі-үш көлік дәрі-дәрмек әкелініп жатқанын тілге тиек етті. Осы ретте қала басшысы дәрілердің жеткізілуінде ешбір кедергі болмауын тапсырды. Сондай-ақ, М.Дүйсенбекұлы жаңадан салынған жұқпалы ауруларға арналған госпиталь мен мектептерде дайындалып жатқан күндізгі стационарлардың жұмысымен де танысты.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында төртінші категориядағы вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс жоғарылаған. Сол себепті қойма компаниялары тапсырыстарын 5 есеге арттырған. Осыған орай «Зерде» дәрілік заттар қоймасы 15 көлік, 5 вагон дәрі-дәрмек алдыруда. «Зерде-Фито» НПО ЖШС-нің директорының айтуынша, бүгінде қалада парацетамолдың 50-ге тарта аналогтік түрі дәріханаларда бар. Көрші аймақтағы Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан сұраныс көптеп түсіп жатыр. Бірақ, ең алдымен, Шымкент қаласын толығымен қамтып болған соң ғана өзге өңірлерге жіберіледі екен.  

image.png

Осы ретте Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дәріханалардағы 77 дәрінің түріне мониторинг жасағанын жеткізгіміз келеді. Нәтижесінде, қаладағы дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екені анықталды. Яғни, ыстықты түсіретін дәрілердің (парацетамол, эффералган, панадол, нурофен, ибупрофен, нимесулид) қоры 238 486 қорапты құраған. Оның ішінде дәріхана қоймаларында – 115 389 қорап, дәріханаларда 123 097 қорап бар. Ал вирусқа қарсы дәрілердің (ингавирин, эргоферон, кагоцел, арпефлю) қоры 38 187 және антибиотиктердің саны (азитромицин, цефтриаксон, цефиксим, амоксициллин, левофлоксацин) 592 899 қорапты құрап отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында халықтың денсаулығын нығайту мақсатында күндізгі стационар қызметкерлері демалыссыз жұмыс істеуде. Ал барлық ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмек үзіліссіз жеткізілуде.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте короновирустың таралуы төмендеп келеді
  • Ғалымдар коронавирусты емдеудің жаңа әдісін ұсынды
  • Бір тәулікте коронавирус 517 қазақстандықтан табылды
  • Шымкент: Жеті айда 1500-ге жуық пәтер пайдалануға берілді
  • Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер