Шымкент: Шағынаудандардағы ішкі орамдық жолдар жөндеуден өтуде

Әл-Фараби ауданы, Забадам шағынауданы, Саттарханов көшесі орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Мердігер мекеме «Базис К» ЖШС-гі тарапынан ағымдағы жылдың сәуір айында басталған болатын. Көшенің ұзындығы - 1,1 шақырым, ені 5 метрді құрайды.

f0d551c7-333c-4304-89e6-a4dcdfaf2d8f.jpg

Қаратау ауданы, Тұран шағынауданындағы Байжігітов көшесіне де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сәуір айында басталған құрылыс аяқталып, ел игілігіне берілді. Ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын көше енді тұрғындар иелігінде.

Сонымен қатар Абай ауданы, Солтүстік-Батыс шағынауданы, Тарақтас көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары да аяқталды. Ұзындығы 660 метр, ені 5 метрді құрайтын жолдың сапалы әрі уақытылы аяқталғанына тұрғындар дән риза.

Абай ауданы, Самал-2 шағынауданы, Болашақ көшесі де орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Мердігер мекеме «Базис К» ЖШС-гі құрылысты уақытылы тапсырды.

Абай ауданы, Самал-2 шағынауданы, Ермекбаев көшесін орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Базис К» ЖШС-гі тарапынан ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Көшенің ұзындығы - 2,1 шақырым, ені - 5 метр. Бүгінгі таңда, жол құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Абай ауданы, Самал-2 шағынауданы, Сейтов көшесінде де орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер