Түлкібастық демеушілер мен еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі баллонын тапсырды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында соңғы бір аптаның ішінде демеушілер мен еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі балонын тарту етті. Игі бастама аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

pLnMCMab.jpg

Ауруханадағы балондардың оттегісі таусылған жағдайда еріктілерге Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетінен толтырып келу үшін аудан әкімдігінен газель автокөлігі бөлінген. Бұл көлік тәулігіне 24 сағат қызмет етуде. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға беріп, бүгінде 17 көлікпен жедел жәрдем бригадалары үйлерінде сырқаттанып жатқан тұрғындарға қатынауда. Медицина мамандары науқастардың үйлерін аралап, емдеуді жалғастырып жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Бір оқушының тамақтануының орташа құны қанша
  • Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы
  • Нұрлыбаев Түркістан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығын басқарады
  • Түйе үстінде жамбы атудан қазақ қызы әлемдік рекорд орнатты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер