Бірлесе білген ел бәрін жеңеді

Қазіргі індет  іргемізге ұя салған қиын-қыстау  шақта жан-жағымызға жанашырлық таныту аса маңызды.

1594219792021.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде барша қазақстандықтарға Үндеу жасады. Қазіргі таңда індеттің қайтадан ушығып бара жатқанын тілге тиек етіп, көптеген отбасылардың қара жамылып, қайғы жұтуына байланысты 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін мәлімдеді. 

Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды.

«Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. 

Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын,- деді Мемлекет басшысы.

Президентіміздің Аза тұту күнін жариялауы, Кемелұлының көрегендінін көрсетті. Мемлекет басшының қашанда елмен бірге екенін тағы бір рет дәлелдеді.   

Қазір індеттің алдын алуда түрлі шаралар қолға алынды. Осы қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында бұл індетті бірге еңсереміз деп сенемін! Ең бастысы адамгершіліміз бен ауызбіршілігіміз жойылмасын!

Роза ПАК,

Шымкент қаласы корей этно-мәдени бірлестігінің төрайымы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер