Қайғыдан қамыққан отбасыларға көңіл айтамын

Әлемдік статистикаға қарасақ, өне бойымызды үрей билейді. Өйткені, мынау індеттің құрығына ілініп жатқандар аз емес. Бірақ, Президентіміз дәл осы кезеңде үрейге бой алдырмай, сақтық шараларын нықтап ұстануға үнемі кеңес беріп келеді.  

1594219792021.jpg

Ия, пандемиямен күресудің басты жолы - сақтық шарасын қатаң ұстану. Қоғаммен байланысты шектеу. Дегенмен бұл ұсынысты құлаққа ілмей, жалған ақпараттардың жетегіне ергендер де кездесуде. Бұл ащы болса да шындық. Мен өз басым, осындай өз ісіне салғырт азаматтардың салдарынан  індет өршіп барады деген ойдамын.

Ал, пандемияның салқыны тиіп қазір ем алып жатқандардың жазылып шығуын жаратқаннан күнде тілеймін. Олардың отбасымен қауышып, ашық-жарқын күндерді бірге өткізсе деген тілегім бар.

Тағдырдың жазуымен бақилық болған арасында менің де қимас көз көрген адамдарым бар. Олардың қайғысы менің де қабырғамды қайыстырып кетті. Сондықтан да 13-шілде "Аза тұту күні" - деп жарияланғаны, өте орынды дер едім. Өйткені, елдің басына түскен осы ауыр жүкті ел болып көтеруіміз керек. Қазақта қайғыны бөліссең азаяды дейді. Осы қайғылы күндер арттқа қалсын деп, сол күні дұға етейік. Көптің тілеуі көл деген емес пе? Баршамыз осы күні Алладан амандығымызды тілейік! Жаратқан ием жар болсын!

Игорь ВЕРБИЦКИЙ,

Шымкент қаласы Орыс драма театрының директоры

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер