Барымызды бағалап, жоғымызға салауат айтатын сәт

Тар жол, тайғақ кешкен елміз ғой, сын-сағатта бірлікте болайық. Алла елімізге келген індеттен аман-сау өтуімізді нәсіп етсін! 

1594219792021.jpg

Әрине, қимас жандарымыздан айырылдық. Бәріміз бауыр етіміз бабамыздан енді біріміз жанашыр жандарымызды мәңгілік сапарға аттандырдық.  Бұл індет осылайша өз залалын келтіріп отыр. Қайғыдан қамыққан елге қараған Предидентімізге де бұл ауыр  соққы болуда. Сондықтан да қаралы күн жариялады, қара жамылған отбасыларға көңіл айтты.

Індетпен күрестің әлі де жалғасатынын ескертті. Үкімет алдын алу шаралары мен бекітілген қағидаларға қарай жұмыс істейді деп тапсырды.

Осы орайда бізде билік өкілдеріне қол ұшын созуымыз керек. Біздің міндетіміз  сақтық шараларын сақтау. Той-жиынды тоқтатып, адамдармен қарым-қатынасты шегеру. Сонымен қатар, ауызбіршілікті нығайтып татулықтың туын көкке көтеру. Сонда ғана біз алмайтын қамал, бағындырмайтын шың болмайды. Талай қиындықты бастан өткерген еліміздің бұл ұстанған басты бағыты болған. Ендеше, бізде ата-бабаларымыз салып берген осы татулықтың жолына ілесейік.

Берік БЕКЖАНОВ,

«Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер