Шымкент: Қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыс етілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев өз міндетін абыроймен атқару барысында қайтыс болған шымкенттік дәрігерлердің шаңырағына барып, мемлекеттік наградаларды табыс етті.

93c78eaf-067d-4b04-a686-15f3753df31f.jpgҚала әкімі алдымен «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Ағзипа Тажденованың үйіне барып, отбасына көңіл айтты. Ағзипа Насырқызы медицина саласына қырық жыл ғұмырын арнаған, 20 мыңдай науқасты емдеген, білікті дәрігер еді. Мұрат Дүйсенбекұлы I дәрежелі "Барыс" орденін дәрігердің жолдасына табыс етті. 

Сондай-ақ, қала басшысы 49 жасында көз жұмған Гаухар Бәйменованың отбасына да арнайы көңіл айтты.  №1 қалалық клиникалық аурухана МКК-ның аға медбикесі Гаухар Аштайқызы "Құрмет" орденімен наградталды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар медцина қызметкерлеріне мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл ретте, дүниеден өткен дәрігерлеріміздің еңбегі өлшеусіз. Олар өз кәсіптеріне адалдық танытты. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Әрбірі батыр деген атқа лайық. Барлық отбасыға әкімдік тарапынан тиісті көмек жасалады, - деді қала әкімі.

Шаһар басшылығы қаланың денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген, қызмет жолында қайтыс болған тоғыз дәрігерді мемлекеттік ордендермен наградтап, олардың үйіне арнайы барып табыс етті.

Айта кетсек, "Шымкент - қайырымды қала" қорынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына қаржылай көмек көрсетілді.

Қала әкімінің айтуынша, қалада коронавирус дертімен тікелей күресіп жатқан дәрігерлердің бәрі дін аман. Шаһар басшысы оларлың кейбірі ауырып, қайта жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. 

І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:

Тажденова Ағзипа Насырқызы - «№ 1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

- Күрекбаева Бауыржан Ордабекұлы -  «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері

- Мамаев Хасым Махмудович -  «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері

- Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы - «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның дәрігері

- Әлмаханова Қафиза Батырханқызы – «№8 қалалық емхана» МКК-ның аға медбикесі

- Байменова Гаухар Аштайқызы - «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның аға медбикесі

- Әуелбаев Тимур Айдарханұлы - «Жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері

Парасат» орденімен марапатталған:

Абдикулова Мариям Қабылбекқызы – «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның бөлім меңгерушісі

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:

Садиев Орынбасар Алипбекұлы - «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның бөлім меңгерушісі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер