Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Бүгінгі күнге Шымкент қаласында COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны  4 453 құрады. 

da050a51-e6ec-4290-9856-7f3d54189744.jpg

Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім  +1%.

Осы кезеңде 2 770 азамат (62,1%) емделіп шықты. 

Өкінішке орай, 31 азамат қайтыс болды (оның ішінде Түркістан облысынан -3).

(Эпид жағдайы бойынша 4453 жағдайдың: 22 (0,5%)– сырттан келген, 3122 (70,1%) – жергілікті, 1309 (29,4%) – қатынаста болғандар санынан. Жас ерекшеліктер бойынша:  18 жасқа дейінгі балалар – 609 (13,6%), ересектер – 3844 (86,3%).

Инфекциялық және провизорлық стационарларда қысқа мерзімде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып,  орын саны 3 860- қа жеткізілді. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын.


Олардағы реанимациялық төсек орнының саны 30 орыннан 151 орынға дейін ұлғайтылды.

Қосымша 58 ИВЛ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынды. 

Реанимациялық орынның 88,7 пайызы немесе 134 ИВЛ аппараттарымен қамтылған.

Кислородпен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілді.

Кислородпен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. 

Қосымша 2 ауруханада кислород станциясын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бір ай мерзімде тағы 3 ауруханада қосылатын болады. 

Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету жұмыстары күшейтілді.

971cbafc-d67a-474e-8eb3-1b5cdcf2fdc7.jpg

 Қосымша 58 мобилді бригада құрылып, 14 399 науқасқа үйге арналған стационарлық қызмет көрсетілді. 

Сонымен бірге, 38 556 азаматқа мобилді бригада қызметі бойынша үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. 

Атқарылған жұмыстар қалада эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді.  

 1-ші шілдеден бастап осы аралықта:

Жедел жәрдем көмегін шақыртулар саны күніне 2 142-ден 1 571 дейін, яғни 26,6 пайызға азайды.

Стационарларда ем алушылар саны 2678 науқастан 1834-ге дейін немесе 31,5 пайызға төмендеді. 

Стационарлардағы төсек орынның жүктемесі 90,3 пайыздан 47,5 пайызға дейін кеміді . 

Халықты дәрі-дәрмекпен қамту мәселерін реттеу жөніндегі Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қалада 4 мониторингтік топ құрылып, 348 дәріханада мониторинг жүргізілді. 

Нәтижесінде 50 заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқандар анықталды. Оның ішінде 12 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

cc9e9860-0a79-4d3c-9831-d69368eadba8.jpg

Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 ірі фарм компания және 560 дәріхана жұмыс жасайды.

Бір жолғы рұқсатпен шет мемлекеттерден дәрі-дәрмек алып келуге 10 фарм компанияға рұқсат берілді.

6 фарм компаниямен ( «Зерде» ЖШС, «Акниет» ЖШС, «Аптека №5» ЖШС, «Мега Фарм Плюс» ЖШС, «Койбагаров» ЖК және «НурМедЛтд» ЖШС) бір ұшақпен, 10 фура жүк көлігімен Индиядан, Ресейден, Украинадан, Өзбекістаннан                              2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер және 16 млн. 700 мың маска жеткізілді.

Қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды.

Қаладағы карантиндік шаралар тұрақты атқарылуда. Карантин талаптарын сақтамағаны үшін  258 заң бұзушылық анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Коронавируспен күресті тұрақты бақылауда ұстау үшін қала әкімдігінде ситуациялық орталық құрылды. 

Орталықта 12 бағытта топ құрылып, мониторинг жұмыстарын жүргізуде. 

Ағымдағы жылдың 26 маусымынан «109» Колл орталығы іске қосылып, 4 859 қоңырау қабылданды. 

15 шілдеден «1430.kz» онлайн кеңес беру мобилдік қосымшасы іске қосылды, қосымшаға 171 дәрігер тіркеліп, халыққа қызмет көрсетуде.

Қазіргі кезде пандемияның келесі толқынына дайындық жасау үшін арнайы жоспар құрылды. 

5a54dd08-63f7-45da-85af-78d522613fd9.jpg

Қаладағы инфекциялық, провизорлық стационарларда реанимациялық және интенсивті терапиялық төсек орын саны 151-ден  330  орынға дейін ұлғайтып, оларды толық  ИВЛ аппаратымен қамтитын боламыз.

Кислородпен қамтылған төсек орын саны 1,5 есеге дейін көбейтіліп, 1200 дейін жеткізіледі. 

Қала бюджеті оңтайландырылып, қосымша ИВЛ, басқа да құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер сатып алуға жергілікті бюджеттен 5 млрд.теңге қаржы бағыттау көзделуде. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев қазақстандық ғалымдарды марапаттады
  • Шымкентте еліміз бойынша алғаш рет «Apolla» рентген аппараты орнатылды
  • Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
  • Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші қаза болды
  • Назарбаев өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрын Тоқаевқа не айтқанын жеткізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер