Шымкенттік спортшылар алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындалуда

Screenshot_1.jpg

Бүгін ақпарттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары бойынша брифинг өткізілді.

Брифингте Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының  міндетін атқарушысы Олег Почивалов пен басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Шоқан Әбдіқалықов жергілікті спортшылардың алдағы бәсекелерге дайындығы туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

О. Почиваловтың мәлімдеуінше, елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты наурыз және маусым айларында Шымкент қаласында өткізіледі деп жоспарланған спорттық шаралар уақытша тоқтатылған. Атап айтсақ, 90 қалалық, 39 республикалық және 10 халықаралық жарыс, жалпы саны 139 бұқаралық спорттық іс-шара кейінге қалдырылған.

- Әлемді алаңдатқан короновирус пандемиясы спортшыларға да оңай тиіп жатқан жоқ. Дегенмен, еліміздің ұлттық құрамасындағы шымкенттік спортшылар карантин талаптарын сақтай отырып, жаттығып жатыр. Бұл ретте келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда жазғы Олимпиада ойындарына оқ атудан Ю. Юрков, стенд атудан С. Рысбекова, каратэ-додан Д. Асадилов және бокстан З. Сафиулин жолдаманы жеңіп алған. Сонымен қатар, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері дзюдошы Г.Отгонцэцэг, байдарка және каноэда есуден С. Емельянов, Т. Емельянов, боксшы Ж. Шекербекова, таеквондошы С. Дүйсебай және тағы басқа саңлақтарымыз Олимпиада жолдамасын иелену үшін тыңғылықты дайындалуда, - деді О. Почивалов.

Айта кетсек, төтенше жағдай енгізілген мерзімде Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 31 спорт мекемесінің 1058 жаттықтырушысы 16 781 спортшымен қашықтан жұмыс жүргізген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер