Шымкент: Қала әкімі коммуналдық қызметтердің жұмысын сынға алды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қызметтердің жұмысын қатаң сынға алып, тиісті басшылардан бұл салада тәртіп орнатуды талап етті.  

295f45cf-1f2d-4134-aaa6-bf3b48e966d6.jpg

Шымкент аумағына қоқыс контейнерлерін орнату бойынша өткен жиында қала басшысы тұрғындар тарапынан қоқысты жинау жұмыстарына  деген наразылығы көп екенін айтты.

«Қаланы аралау барысында коммуналдық қызметтер жұмысының өте нашар жүргізілетінін көріп жүрмін. Көптеген қоқыс алаңшаларына санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді. Ал аялдамалар мен көше бойындағы қоқыс жәшіктері үнемі толып тұрады. Бұл  аудан әкімдігі тарапынан бақылаудың жоқ екенін аңғартады»,-деді қала әкімі.

Мұрат Әйтенов аудан әкімдері мен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Жаманкөзге қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары кешеуілдеп жатқандығы туралы ескерту беріп, бос сөзден нақты іске көшуді тапсырды.  Сонымен қатар ол жеке сектор аумағында арнайы қоқыс алаңшасын орнату туралы тапсырмасының тиісті деңгейде орындалмағанын да атап өтті.

Жиынды қорытындылаған қала басшысы алдағы уақытта айтылған сыннан қандай қорытынды шығарылатынын тікелей өзі бақылайтынын ескертті.

Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласында 488 қоқыс алаңшасында 2039 қоқыс контейнері бар. Оның 633 данасы жарамсыз болса, көп қабатты тұрғын үйлердің аумағына 762 контейнерді қосымша орнату керек. Ағымдағы жылы сатылып алынатын 1474 эко контейнерді жарамсыздарын алмастыру және жетіспейтін жерлерге қосымша орнату қажеттігі жоспарланды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер