Шымкент: 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін толығымен шешіледі

Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары  биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді.

3df7ff8a-d0ba-4217-b3dd-db59c00eed24.jpg

Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті.

Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасымалдап пайдаланып келген  болса,  жеке меншік  қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген.

dc5e7809-310c-4e13-9ff2-60b92f4b2e34.jpg

Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания «Жәнібек Айдос» ЖШС-нің прорабы Теңел Жақсымұратов нысанды қараша айында тапсырамыз деп отыр. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер