Шымкент: Қаратау ауданында 40-қа жуық көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңаруда

Шымкент қаласы Қаратау ауданында биыл 39 көпқабатты үйдің қасбеті ретке келтірілуде. Бұл жұмыстарға сол үйлердің тұрғындарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мәлімдеді.

59716059-7cf6-4051-9234-d1a982e51679.jpg

Оның айтуынша, Асар шағын ауданында 2017 жылы  пайдалануға берілген 30 көпқабатты үйде сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда  12 бригада жұмыс істесе, әр бригадада 8 құрылысшыдан тұрады. Үйлерді қаптауға өте сапалы «сайдинг» материалы қолданылып жатыр.

«Асар аумағы бойынша жалпы саны 30 көпқабатты үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 18 үйдің құрылысы толық бітіп, 12 үйдің құрылысы 1 ай ішінде аяқталады. Көпқабатты үйлердің құрылысына 500 млн. теңгеден  астам қаражат жұмсалуда. Құрылысқа кеткен шығынның барлығын ЖШС «Ақ Ордасы»  Корпорациясы» көтеріп жатыр», -дейді  аудан әкімі.  

Сонымен қатар, ол «Нұрсәт» шағын ауданындағы №18,19,20 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары «Бесқұдық Тас» және «Арт Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілсе,  Ақжайық шағынауданы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 тұрғын үйдің қасбетін «Эристайл-Қазақстан» ЖШС –гі жүргізіп келеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер