Шымкент: Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылады

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов демалыс күні төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында, Бадам өзен арнасын бұру және бұзылған жолды қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыстардың  барысымен танысу кезінде айтты.

3479c10d-7c4f-4596-a8ad-ef27015ca489.jpg

Әкім Абай ауданына қарасты Жаңаталап ауылы тұрғындарының заңсыз құм қазу кесірінен Бадам жағасын су шайып кету қаупі бар деген шағымдарын назарға алып, заңсыз жер қойнауын падаланушылардың мәселесін жеке бақылауына алды.

Мұрат Әйтенов жер қойнауын пайдалану саласындағы құжаттарды жан-жақты қайта қарап, тиянақты сараптауды тапсырды. Сонымен қатар, заңсыз жер қойнауын игеріп жатқан ұйымдарға қатысты бірқатар жаңа міндеттер жүктеді.

Көктем және күз айларында жауын шашын салдарынан және Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби аудандарының таулары мен бұлақ көздерінен бастау алып, қала аумағынан өтетін және ағысы қатты Бадам өзенінің су деңгейі көтеріліп, жағалауына жақын орналасқан тұрғын үйлер мен егістік жерлерге қауіп туып отырғандығы байқалады.

Қазіргі таңда, Абай ауданы аумағы бойынша жағалауларын бекіту және өзен арнасын бұруды қажет ететін 3300 метр жер анықталып, жалпы құны 427,5 млн.теңгені құрайтын сметалық есептемелер әзірленіп отыр.

Айта кетейік, Абай ауданы аумағы арқылы ағып өтетін Бадам өзені бойында Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алабтары орналасқан.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер