Шымкент ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі бойынша республикада бірінші орында

Шымкент қаласында осы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14.7 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға артық. Ауыл шаруашығы өнімінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойынша бірінші орында. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары хабарлады.

b4d12880-b0a3-4b60-a413-3cdc0857ffb9.jpg

Басқарма мамандарының сөзінше, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артқан.  Өндірілген өнім көлемінің ішінде егін шаруашылығы 1,6 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығы 12 млрд. теңгеге жеткен. 

644315a9-de87-4c87-bc02-bc06688e73d3.jpg

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 217,3 млн. теңге бөлініп,  8 бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетіліп келеді. Есеп беру кезеңінде оның 992,3 млн. теңгесі игерілген.

6c379545-c5f2-4b45-bfd6-abecc114ec7e.jpg

Айта кетейік, ағымдағы жылдың I-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында 6 мыңнан астам адам жұмыс жасаған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер