ҚР президенті Қ.Тоқаевқа Шымкент қаласының әкімі эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент  қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады.

4f2f9a7a011c122f21a0809ad0ef8108_l-960x500 (1).jpg

Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

«Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім  1,2 пайызды  құраған. Осы айдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге төмендеген. Сонымен қатар, жедел жәрдем шақыру 43 пайызға азайып, стационарларда ем алушылардың саны 56,9 пайызға төмендеп отыр. Сіздің тапсырмаңызбен қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бүгінде шет мемлекеттен 2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер мен 16 млн. 700 мың маска жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 58 ИВЛ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы  ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр», - деді қала басшысы. 

Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов төтенше жағдайға орай табысынан айырылған азаматтарға тиесілі 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем Шымкент қаласының 100 504 азаматына берілгенін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігін айтты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер