Шымкентте білім саласы толық цифрлы жүйеге көшті

Шымкентте цифрландыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібеков баспасөз брифингінде атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

9be2da7d-20ff-447e-aed6-89fcde9d263e.jpg

Досан Биназарұлының айтуынша, биыл білім саласы қызметі жаңа оқу жылына орай толық цифрлы жүйеге көшті. Балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде. 

Білім саласы – ең маңызды әлеуметтік саланың бірі. Биыл білім саласы толық автоматтандырылды. Балалаларды білім ұйымдарына қабылдау толық электронды форматта жүзеге асты. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау, отбасы және балаларға қатысты қызметтер, тағы басқа қызметтер толық автоматтандырылды. 

Қала аумағын жоғары жылдамдықты және қуатты интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде 11 базалық станция орнатылуда. 11 орын бойынша да қалада заңдастыру жұмыстары аяқталды. Шымкент қаласының аумағына кіретін барлық шалғайдағы елдімекендерді жоғары сападағы интернетпен қамту үшін қосымша 43 нүктеге талдау жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек, қазан айларында базалық станциялардың жұмысын іске қосу жұмыстары аяқталады, – деді Досан Биназарұлы.

Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласы сапалы интернет жүйесімен 80 пайыз қамтылған. Ал орнатылып жатқан базалық станциялардың жұмысы аяқталған сәтте бұл көрсеткіш 100 пайызға жетпек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер