Елімізде бір тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан 11 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 839 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Модульді инфекциялық аурухана

Олардың арасында 71 өскіншек бала бар. Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 366 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 90 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 59 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Елімізде бір тәулікте коронавирустық инфекциядан 15 адам, пневмониядан 11 адам көз жұмды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер