«Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясы басталды

image.png

Түркістанда «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясы басталды. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам онлайн жүйесі арқылы қатысуда. Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың ролі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру тақырыбында өтіп жатқан конференция аясында биыл 75 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» кітабының таныстырылымы өтеді. Елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйлейтін конференцияда Түркістанның тарихына, оның  мән-маңызына қатысты құнды пікірлер айтылады деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер