Дархан Мыңбай: Түркістанның келбеті ғана емес, рухани санамыз да жаңғыруы тиіс

image.png

-Түркістан деген ұғымның мәні өте үлкен. Ол қала, облыс деген ұғымнан жоғары. «Түркілер төрі Түркістан» еңбегі арқылы Мархабат Байғұт туған ел алдындағы парызынан абыроймен орындады деуге болады. Бұл еңбек түркі тілдеріне аударылуы тиіс. Түркістанның келбетін ғана емес, рухани сананы да жаңғыртуымыз керек».

Осындай пікірді бүгін «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясында  Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай айтты. Осы шара аясында белгілі жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» кітабының тұсаукесері өтті. 

Дархан Мыңбай осы еңбегі арқылы Махаң туған жердің, Түркістанның алдындағы рухани парызын абыроймен өтеді.  Енді осы еңбекті  облыстың шеңберінен шығарып, түркі халықтарының тілдеріне аудару қажет. Біз елімізді Түркістан арқылы танытуымыз керек. 

image.png

Айта кетейік, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • 90 мыңға жуық адам әлеуметтік желіде Жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
  • Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр
  • Заманауи өндіріс орындары салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер