Мырзакент кентінің орталық стадионы күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның құрылысымен танысты. 

c6837a7b-3e68-4a8f-aca1-b1fb86a7d291.jpg

Спорт алаңының сыйымдылығы 2066 көрерменге арналған. Жобаның жалпы конкурстық құны 240 миллион теңге. Қазіргі таңда Республикалық бюджет есебінен 142 миллион теңге қаржы игерілді. Нысанның құрылысын мердігер "ПМК-7К" ЖШС жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, "Улмад" ЖШС техникалық қадағалаушы қызметін атқарса, "Сантех-Строй Проект" ЖШС авторлық қадағалаушы. Нысанның құрылысын 2020 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.  

Қазіргі таңда спорт алаңында көрермендерге арналған орындықтар орнатылуда. Сондай-ақ, алаңға газон өсіру үшін Алматы қаласынан арнайы мамандар шақырылмақшы. 

Аудан әкімі Бақыт Насырханұлы құрылыстың сапасын тексеріп, кейбір кемшіліктер бойынша құрылысқа жауапты мамандарға ескертулер жасады. Сондай-ақ, аудан басшысы нысанның құрылысын уақытылы аяқтау керектігін қадап айтты.

Айта кетейік, Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1976 жылы пайдалануға берілген болатын. 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер