Мемлекет басшысы Ресей Қорғаныс министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады.

image.png

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды. 

- «Әскери-техникалық сала, әскери бағыт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарда маңызды орын алады», – деді Президент. 

image.png

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол қойылған Әскери ынтымақтастық туралы шартты құптады және оның Ресей Қорғаныс министрінің Қазақстанға жасаған сапарының маңызды нәтижелерінің бірі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады. Ресей Қорғаныс министрі кездесуге және қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. 

- «Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың дәстүрлі стратегиялық және одақтастық сипаты бар. Бүгінгі қол қойған келісімнің аса маңызды екені сөзсіз. Бұл барлық әскери ынтымақтастық туралы келісімдердің ішіндегі ең ауқымдысы әрі мазмұндысы», – деді Сергей Шойгу. 

image.png

Ресейдің Қорғаныс министрі Қазақстан әскерилерінің Қызыл алаңда өткен Жеңістің мерейтойлық парадына жоғары деңгейде қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін көрсетті. 

Сонымен қатар ол Қазақстан Қарулы Күштері сарбаздарының Халықаралық әскери ойындарға белсенді қатысқанын атап өтті. Кездесу соңында Қазақстан Президенті әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Шойгуді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұған дейін хабарлағанымыздай,бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесті. Кездесу барысында ҚР мен РФ арасындағы әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған шарт жасалды.

image.png

image.png

image.png


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Экс-министр Елжан Біртановтың шетелге қашып кетуі мүмкін бе? (видео)
  • «Биліктің жастарға қарсы жасап жатқан қастандығы» - журналист (видео)
  • Дархан Қыдырәлі Басқарма төрағасы болып тағайындалды
  • Шымкенттік ардагерлерге жеңіс күніне миллион теңгеден берілді
  • Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы соңғы мәліметтермен бөлісті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер