БАҚ Путиннің Орталық Азиядағы АҚШ әскеріне қатысты ұстанымын анықтады

Ресей президенті Владимир Путин Женевада АҚШ президенті Джо Байденмен кездескеннен кейін Ауғанстанға көршілес елдерге америкалық әскер орналастыруға қарсы пікір білдірді. Бұл туралы Wall Street Journal мақаласында жазылған, деп хабарлайды РИА Новости.

image.png

Автор Майкл Гордонның айтуынша, бұл Кремльдің Орталық Азия елдеріне өз ұстанымын сақтап қалуға деген ұмтылысынан туындайды. Бұл АҚШ-тың аймақта дрон қолдану мүмкіндігін шектеді.

- "Бұл мәселе Ауғанстан үкіметі мен әскері күйрегеннен кейін ушығып кетті", - делінген мақалада.

Газет мәліметінше, енді америкалықтар Катардағы базалар мен Парсы шығанағында орналасқан кемелерді қолдануға мәжбүр болады, бұл операциялар құнын айтарлықтай арттырады.

Бұған дейін Америка Құрама Штаттары Өзбекстан мен Қырғызстандағы базаларын пайдаланған болатын. Бірақ база 2005 және 2014 жылдардан бері қолданылмаған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заманауи өндіріс орындары салынады
  • Сауран ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі артты
  • Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер