Путин Таулы Қарабақта қанша адам қайтыс болғанын айтты

Таулы Қарабақта жаңа қақтығыс басталғалы екі жақтан бес мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин "Валдай" талқылау клубында айтты, деп хабарлайды РИА Новости .

image.png

- "Екі жақтан да қайтыс болғандар көп. Біздің мәліметімізше, әр тараптан екі мыңнан аса адам көз жұмған. Жалпы қайтыс болғандар саны бес мыңға жетіп қалды", - деді Путин. 

Айтуынша, Қарабақтағы жағдайды реттеу үшін екі тарап ымыраға келуі керек. 

- "Ең алдымен оқ атуды тоқтату керек. Ымыраға келгенін қалаймын. Мен президент Әлиевпен де, премьер-министр Пашинянмен де тығыз қарым-қатынас жасаймын. Олармен күніне бірнеше рет телефон арқылы сөйлесемін. Бірнеше рет", - деді Ресей президенті.

Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер