Кеше Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасиловтың университеттегі 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру жиыны өткізді.
Халықаралық университет ректоры оқу орнының жетістіктері, материалдық-техникалық базасының толықтырылуы, қаржы мәселесі, жалақы мөлшерінің арттырылуы, контингент саны, қашықтықтан білім беру жүйесінің ұйымдастырылуы, ғылым саласы және тағы басқа да жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстар туралы баяндады.
Университетте 10 мыңнан астам студенттер, интерндер, магистранттар, резиденттер мен докторанттар, сондай-ақ дайындық факультетінің тыңдаушылары білім алады. Оқытушылар дәстүрлі оқу бағдарламасының онлайн контентін қысқа мерзім ішінде даярлап, студенттердің білім сапасының төмендемеуін баса назарға ұстаған.
2019 жылы Антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Антикоррупциялық мәдениет негіздері" пәні университеттің барлық мамандықтарының оқу жоспарына міндетті компонентретінде енгізілген.Сол жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Прокуратура және облыстық сотпен бірге Антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ОҚУ мен қызметкерлерге 1 апталық семинар өткізілген.
Сол жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірге Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум ұйымдастырылды.
2020 жылы академиялық адалдық кодексі бекітілді және топқа мен қызметкерлердің еңбек-келісім шартына қосылды.
Университетте жемқорлықпен күресу қатаң және тұрақты түрде жүзеге асып отырған. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес сессияларда сыйақы талап етті деген студенттер үлесі:
2018-19 - 14,4%-дан 2019-20 - 1,1%-ға төмендеді. Яғни университетте коррупция он есе төмендеген.